сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 16:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таиландта қазақстандық туристер мінген катер апатқа ұшырап, суға батқан

Таиландта қазақстандық туристер  мінген катер апатқа ұшырап, суға батқан
фото: скрин
Оқиға кезінде катер бортында 55 адам болған.

Таиландтың Пхукет аралы маңында туристік катер мен балық аулау кемесі соқтығысып, салдарынан катер суға батқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.

Оқиға кезінде катер бортында 55 адам болған. Олардың ішінде Қазақстанның 8 азаматы бар. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен отандастарымыздың барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

«Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 3 азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр», – деп хабарлады СІМ.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тайланд билігі мен құтқару қызметтері апаттың мән-жайын тексеруді жалғастырмақ. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар