дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 17:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

TikTok-та ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

TikTok-та ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды
Татьяна ФАЙЛЬ/ tobolinfo
Адвокат үкімге шағым түсірілетінін хабарлады.

Қостанай қаласының №2 соты 44 жастағы қала тұрғыны Юлия Хонды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі («әлеуметтік, ұлттық, рулық араздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп танып, үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tobolinfo-ға сілтеме жасап

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қараша айының басында түнгі уақытта, шамамен сағат 03:45-те, айыпталушы алкогольдік ішімдік ішкен күйде TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге қатысқан. Эфир барысында Ресей мен Украина арасындағы соғыс тақырыбы талқыланған. Сол кезде Юлия Хон бейәдеп сөздер қолданып, ұлттық белгісі бойынша қорлайтын пікірлер айтқан. Тергеу органдары бұл әрекеттерді ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған деп бағалады.

Істі қараған судья Ольга Кузнецованың айтуынша, айыпталушының кінәсі тікелей эфир жазбасымен, сараптамалық қорытындылармен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденген.

Сот Юлия Хонды екі жылға бас бостандығынан айырып, жазаны қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтеу туралы шешім қабылдады. Бұған дейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүргендіктен, үкім жарияланған соң сот залында қамауға алынды.

Сонымен бірге сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды ескерген. Атап айтқанда, сотталушының асырауында жол-көлік оқиғасынан кейін көру қабілетінен айырылған ұлы бар, оның емделуіне өзі қаржы жұмсап келеді. Юлия Хон тұрмыста, тұрақты жұмысы бар және бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Сот үкіміне сәйкес, ол сондай-ақ 826 мың теңге көлеміндегі процестік шығындарды өтеуі тиіс.

Қорғаушы тараптың мәлімдеуінше, тікелей эфир кезінде Юлия Хонның өзі де қорлауға ұшыраған, ал айтылған сөздер тұтас бір ұлтқа емес, нақты адамға бағытталған. Адвокат үкімге шағым түсірілетінін хабарлады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар