дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 17:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мүфтият әлеуметтік желіде оқырман санын көбейтуге қатысты пәтуа шығарды

Мүфтият әлеуметтік желіде оқырман санын көбейтуге қатысты пәтуа шығарды
Оқырман санын жалған, бот аккаунттар арқылы арттыруға әрі оған ақы төлеуге тыйым салынады.

Мүфтият әлеуметтік желідегі парақшаға жазылатын оқырмандардың санын көбейтуге қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әлеуметтік желідегі парақшаларда оқырман санын шынайы қолданушылар арқылы (шариғатқа қайшы келмейтін жолдармен) арттыруға және мұндай жағдайда көрсетілген қызметке ақы төлеуге рұқсат етіледі.

Алайда оқырман санын жалған, бот аккаунттар арқылы арттыруға әрі оған ақы төлеуге тыйым салынады.

«Қазір адамдардың көбі және әртүрлі компаниялар өз парақшаларын насихаттау мақсатында түрлі ұсыныстарға жүгінеді. Бұл ұсыныстар тіркелушілер, оқырмандар, лайктар, пікірлер және тағы басқа нәрселердің санын арттыру жолымен жүзеге асады. Парақша иелері фолловер санын арттыру үшін арнайы қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасап, оған белгілі бір ақы төлейді», — деп мәлімдеді мүфтият.

Мүфтияттың пәтуасына қарасақ, егер ақша төленіп, шынайы аккаунттар жазылса, бұған рұқсат бар.

«Фолловер саны жалған (бот) аккаунттар арқылы жасалады. Бұл – нақты адамдардың тіркеліп, лайк басуы емес, қолдан жасалған шындыққа жанаспайтын әрекет. Шариғатта бұған тыйым салынады. Себебі ол іс-әрекет алдамшылық әрі оған төлемақы алу кісі ақысын жеу болып саналады», — деп жазды мүфтият.

Сонымен қатар тапсырыс беруші осыны біле тұра жалған «боттарға» тапсырыс беріп, оқырман санын көп қылып көрсетсе күнәсі ауырлайды.

«Егер тапсырыс беруші бұл жалған әрекетті өзі біле тұра тапсырыс берсе, мұндай жағдайда күнәнің ауырлығы арта түседі. Өйткені ол өз парақшасын қолданушылардың алдында шын мәнінде жоқ сипаттармен көрсеткісі келеді. Бұл музәууир «өтірікші, жалған құжат жасаушы, бұрмалаушы» болып есептелгендіктен шариғатта оған тыйым салынған», — деді мүфтият.

Ендігі жерде мүфтият пәтуа бойынша оқырман санын жалған, бот аккаунттар арқылы арттыруға әрі оған ақы төлеуге тыйым салады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар