сенбі, 10 қаңтар, 2026 8:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев пен Трамп алдағы уақытта қайта жүздеседі

Тоқаев пен Трамп алдағы уақытта қайта жүздеседі
Ақорда
Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт мәлімдеді.

Қазақстан мен АҚШ президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп арасында тұрақты байланыс орнап, сенімге негізделген диалог жалғасып келеді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт мәлімдеді. Оның айтуынша, екі елдің көшбасшылары алдағы уақытта қайта жүздесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Елшінің сөзінше, ол жуырда Президент Тоқаевпен кездесу өткізіп, онда Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланған. Джули Стаффт бұл бастамаларға АҚШ президенті Дональд Трамптың толық қолдау білдіріп отырғанын атап өтіп, өзара әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Сондай-ақ елші мемлекет басшыларының үнемі байланыста екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, Президент Тоқаев жақында Вашингтонға сапар жасап, алдағы уақытта АҚШ-қа тағы бір ресми сапармен баруды көздеп отыр. Мұндай тығыз қарым-қатынас екі ел арасындағы серіктестіктің нығаюына тың серпін береді.

Джули Стаффт Қазақстанға елші болып тағайындалуын үлкен мәртебе санайтынын айтып, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған мемлекет екенін еске салды. Оның айтуынша, бүгінде екіжақты қарым-қатынас өз тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткен.

Елші мәдениет, сауда, экономика және адамдар арасындағы байланыстар салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып жатқанын атап өтіп, АҚШ бұл бағыттардағы әріптестікті алдағы уақытта да кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада АҚШ пен Болгария елшілерінің сенім грамоталарын қабылдаған. Сонымен қатар Президент жыл соңында АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырғаны үшін алғыс білдірген болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар