жексенбі, 28 желтоқсан, 2025 16:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қоштасу рәсімінде Нұрлан Сегізбаевтың соңғы хаты оқылды

Қоштасу рәсімінде Нұрлан Сегізбаевтың соңғы хаты оқылды
Фото: Qaz365.kz/Бауыржан Карипов
Оны қайтыс боларының алдына Жазушылар Одағына жазған екен.

Жазушылар одағындағы қоштасу рәсімінде Нұрлан Сегізбавтың соңғы хаты оқылды. Актер, сценарист және кинодраматург оны өлерінен алдын дәл осы Жазушылар Одағына жазған екен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Жаңадан келе жатқан 2026 жылы 28 каңтарда мен 75 жасқа толамын. Оның 65 жылы менің творчествалық мансабыма, қазақ драматургиясыны, әдебиеті және философия ғылымына арналды. Осы аралықта біраз еңбек етіп, олар жарық көрді. Көркем және деректі фильмдер түсірілді. Алдымнан шыққан сынақ, ауру мен сәтсіздіктерге қарамастан мен еңбек етуді тоқтатқан жоқпын», – деп жазған хатында.

Хатта марқұм «Философиялық кеме» атты тарихи романын ерекше атап откен екен. Жылдар бойы жазылған шығармада Шығыс пен түркі әлемінің тағдыры жайлы ой-толғамын қорытындылапты.

«Бұл туынды ХХ ғасырдың басында Тұрандағы ұлы ойшылдар, ғалымдар, саясаткерлер мен журналистер жайлы. Тәуелсіз мемлекеттердің бой котеріп, жаңа идеологияның кұралып жатқан кезеңі туралы. Бұл қорланған Шығыстың қуатты Еуропаға берген жауабы болатын», – дейді Сегізбаев жазбасында.

Романның саяси астары жок деген жазушы тарихтың трагедиялық тұстарын шынайы әңгімелуге тырысқанын да ерекше атап өткен.

«Бұл казаққа аз кайғы бермеген революциялық толқулар кезеңі еді. Жазушы ретінде уақыт пен саясатқа бет бұрмай осы ғасыр жайлы жаза алғаныма бақыттымын. Еткен еңбегімді болашақ ұрпақ бағалайды деп үміттенемін», – дейді Нұрлан Сегізбаев.

Соңғы хатында ол Қазақстанның Жазушылар одағына өтінішін де айтқан екен.

“Дәл осы романды кәсіби мамандардың окып, талқылауына жол ашып, қазақ тіліне аударылып, халықаралық түркі мәдени кеңістігінде таныстырылса”, – депті. 

Осы хаттан соң бір-ақ күнде марқұм Нұрлан Сегізбаев ҚР Жазушылар одағының мүшесі атаныпты.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар