жексенбі, 28 желтоқсан, 2025 18:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

21 жасқа дейінгі 19 000 адам микронесиесін төлей алмай жүр

21 жасқа дейінгі 19 000 адам микронесиесін төлей алмай жүр
Несие алу жас мөлшерін шектеу туралы мәселе көтерілді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова микронесие алу жасын 21-ге дейін көтерудің орынды екенін айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл пікір Парламент Сенаты депутаттарының сауалына жауап беру кезінде айтылды.

Агенттік басшысының мәліметінше, елімізде 18-21 жас аралығындағы 847 430 адам тұрады. Оның ішінде 136 239 жас микроқаржы ұйымдарынан қарыз алған. Солардың 18 638-і немесе 13,7%-ы берешекті 90 күннен асырып, мерзімі өткен борышкерлер санатына енген.

Мадина Әбілқасымова қазіргі таңда халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алу мақсатында тұтынушылық несиелерге қатысты шектеу шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

– Агенттіктің аталған бағыттағы жүйелі жұмысы оң нәтиже беруде. Мәселен, 2025 жылдың алғашқы он айында кепілсіз тұтыну несиесінің өсімі 13,2%-ға дейін баяулады. Ал бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 24,3% болған еді, – деді ол.

Сонымен қатар, 20 жасқа толмаған азаматтар үшін борыш жүктемесін шектеу мақсатында №215 қаулы қабылданбақ. Қаулыға сәйкес, несие алу кезінде табыс көзі ретінде тек ресми жалақы немесе оқу орнынан берілген шәкіртақы ескерілетін болады. Бұл – борыш жүктемесі коэффициентін есептеу барысында тек нақты және құжатпен расталған табыс көздері есепке алынады деген сөз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар