Жанар Айжанованың қызы ерекше образдағы фотосуреттерін жариялады
- авторОймақ
- 27 желтоқсан, 2025
- 36
Әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова Жаңа жыл қарсаңында ерекше образдағы фотосуреттерін жариялап, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Айжұлдыздың жариялаған кадрлары стандартты мерекелік фотолардан өзгеше стильде түсірілген. Ол суреттерге қоса жаңа жылға қатысты ойларын да жазып, 2026 жылды жаңа энергиямен, жаңа болмыспен бастау керек екенін атап өткен.
«2025 жыл – ескі, өткен шақты артта қалдырып, жаңа энергиямен, жаңа өзіңмен танысатын уақыт. 2026 – көп нәрсе өзгеретін, адам құлпырып, жаны тазарып, ойы жақсылыққа, ал жүрегі мейірім мен бейбітшілікке толатын кезең», – деп жазды ол.
Бірақ желі қолданушыларының басым бөлігі философиялық ойдан гөрі фотосессияның көркемдік шешіміне көбірек назар аударды. Кейбір кадрлардағы символика көпшілікке түсініксіз болып, түрлі пікірдің туындауына себеп болды.
Пікір білдіргендердің бір бөлігі Айжұлдыздың батыл стилін қолдап, оның шығармашылығына жоғары баға берген.
«Осы қызға қарап өмірге шабытың ашылады», «Біртүрлісің, бірақ сол ерекше стиліңмен ұнайсың», «Әр суретің ойландырып жібереді», – деген пікірлер жазылды.
Сонымен қатар фотосессиядағы жекелеген детальдар сынға да ұшырады. Кейбір қолданушылар композиция мен символиканы түсіне алмағанын айтып, пікір қалдырған.
«Нанды неге аяқ астына қойып суретке түседі?», «Тым артық кетпеді ме?», «Бұл образдың мағынасы қандай?» – деген сауалдар жиі кездесті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі жарияланды
- авторОймақ
- 24 желтоқсан, 2025






