дүйсенбі, 22 желтоқсан, 2025 17:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады

Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады
коллаж: turkystan.kz
Асқар тауымыз едің – аласармадың...

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Асқар тауымыз едің – аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің – соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын – арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың – әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің – өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың – жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың – табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың – бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың – ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың –  Мен кештім... Биіктігіңе пара-пар, Пенделігіңді көрдім –  Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сары уайым – Сағынышқа айналдың...

Қош... Бақыл бол...», – деп жазды Т. Жаманқұлов.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар