жексенбі, 21 желтоқсан, 2025 2:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбе әуежайында ер адам қоғамдық тәртіпті бұзған

Ақтөбе әуежайында ер адам қоғамдық тәртіпті бұзған
Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе әуежайында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 53 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, ол жолаушыларды шығарып салу кезінде алкогольдік масаң күйде болып, айналасындағыларға балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Оның айтуынша, құқық бұзушыны әкімшілік хаттама толтыру үшін полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ол тәртіп сақшыларына қарсылық танытып, заңды талаптарына қасақана бағынбай, жағдайды ушықтырған.

"Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК үш бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартылды:қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде келу; ұсақ бұзақылық; құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау", – деді Мәжікенов.

Ақтөбе әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен құқық бұзушыға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (196 600 теңге) айыппұл салынған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар