Әлемге танымал Ring Magazine журналы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын үздік боксшылар рейтингінен шығарып тастады, деп хабарлайды OImaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Басылым бұл шешімін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында түсіндірді. Журнал мәліметінше, қазақстандық боксшы допинг сынағынан өте алмаған соң рейтингтегі орны қайта қаралған.
«Бұған дейін рейтингте бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында VADA ұйымының допинг сынағынан өтпегеннен кейін тізімнен алынып тасталды. Соның нәтижесінде басқа боксшылар жоғары көтеріліп, Хесус Рамос кіші 10-орынға шықты», – деп жазды Ring Magazine.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Ring Magazine рейтингінде көш бастап, бірінші орында тұрған болатын.
Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының екінші допинг-сынамасын ресми түрде ашу қашан өтетінін жазған едік.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Фильмге айналған тағдыр
Ұқсас жаңалықтар
"Анашым, бұл жеңіс сіз үшін": Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды
- авторОймақ
- 14 желтоқсан, 2025






