жексенбі, 14 желтоқсан, 2025 17:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шетел валютасы қаншадан саудаланып жатқаны белгілі болды

Шетел валютасы қаншадан саудаланып жатқаны белгілі болды
istockphoto
Қазіргі уақытта доллар 521,61 теңгеден сатып алынып, 619,54 теңгеден сатылуда.

Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының орташа өлшенген сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 521,61 теңгеден сатып алынып, 523,71 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 610,95 теңгені құраса, сату құны 616,24 теңгеге жеткен. Ал рубль 6,46–6,58 теңге аралығында саудалануда.

Астанада долларды 520,41 теңгеден қабылдап, 527,39 теңгеден ұсынып отыр. Еуро 609,56 теңгеден сатып алынып, 619,54 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,45–6,60 теңге шамасында қалыптасты.

Шымкент қаласында доллар 521,96 теңгеден сатып алынып, 523,96 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 609,58–615,46 теңге аралығында, ал рубль 6,48 теңгеден қабылданып, 6,55 теңгеден ұсынылып отыр.

Айта кетейік, Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамына сәйкес, 1 доллар – 520,38 теңге, 1 еуро – 612,6 теңге, ал 1 рубль – 6,54 теңге болып белгіленген.

Сондай-ақ, 12 желтоқсандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 522,38 теңгеге жетіп, алдыңғы көрсеткіштен 2,16 теңгеге өскен.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар