жұма, 12 желтоқсан, 2025 20:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елдос Сметов дайындыққа қайта кірісті

Елдос Сметов дайындыққа қайта кірісті
ҰОК
"Біз оқу-жаттығу жиынына тыңғылықты түрде кірістік".

Олимпиада ойындарында дзюдодан ел қоржынына тұңғыш рет алтын салған даңқты спортшы қалпына келуге кірісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

– Біз оқу-жаттығу жиынына тыңғылықты түрде кірістік, – деп жазды Елдос Сметов.

Танымал спортшы 2024 жылы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен соң татамиге шықпады, халықаралық жарыстарғада қатыспады. Өйткені, ол маусым айында ғана Италияда иығына ота жасатқан еді. 

Еске салайық, Елдос Сметов – елдегі 3 мәрте Олимпиада жүлдесін иеленген санаулы спортшының бірі. Ол Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс жүлдемен күптелсе, Токиода қоланы қанағат тұтты. Ал Парижде алтын жүлде иегері атанды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар