жұма, 12 желтоқсан, 2025 16:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"1,5 миллион берген": Бишімбаев Нүкенованың 40 күндік асына қанша ақша берілгенін айтты

"1,5 миллион берген": Бишімбаев Нүкенованың 40 күндік асына қанша ақша берілгенін айтты
"Біз ондайды ешқашан сұраған жоқпыз".

Бишімбаевтың әкесі марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарына берілген ақшаның егжей-тегжейін айтып берді. Оның сөзінше, күдіктінің күйеуі Қайрат Кемелов Салтанаттың 40 күндік асына 1,5 миллион теңге берген, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол күні туыстар түгелдей делегация болып бардық, алдымен кешірім сұрау үшін және басқа да мәселелер үшін. 1,5 миллион теңге Қайраттың қолында болды. Ол ақшаны Нүкенованың әкесіне берді. Ақшаны жұбайым Қайратқа 40 күндік асына деп берген. Қайрат 1,5 миллион теңгені қалтасынан шығарып, тапсырды», – деді Уәлихан Бишімбаев.

Уәлихан Бишімбаев өзiнің немесе жұбайының ұлдары үшін қосымша сараптама талап етіп немесе қандай да бір анықтама алуға өтініш жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ ұлына анықтама алу үшін арнайы психиатриялық мекеменің директорына шығуды өтінді деген ақпаратты “ойдан шығарылған сандырақ” деп атады. 

«Менің інім бар болғаны «СК-Фармацияда» менеджер болып жұмыс істейді. Ондай жағдай ешқашан болған емес. Біз ондайды ешқашан сұраған жоқпыз. Тіпті ойымызда да болмаған», – деп түйіндеді Бишімбаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар