жұма, 12 желтоқсан, 2025 13:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Зейнетақы жинағы енді пластикалық операцияларға берілмейді

Зейнетақы жинағы енді пластикалық операцияларға берілмейді
Фото: Отбасы банк
Бұған осы бағыттағы өтінімдердің 130 есе өсуі себеп болды

Бүгіннен бастап Отбасы банк пластикалық операцияларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Бұған осы бағыттағы өтінімдердің 130 есе өсуі себеп болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

enpf-otbasy.kz платформасында стоматология мен офтальмологияға зейнетақы қалдықтарын пайдалану өтінімдерін қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар жаңа мақсатты жаппай таңдай бастады — операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктивтік және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары.

Отбасы банкі мұндай өтінімдердің санының аномальды түрде өскенін айтты. Бұған дейін банк ай сайын орта есеппен пластикалық операцияларды төлеу үшін зейнетақы қалдықтарын пайдалануға қатысты 16 өтінімді қарайтын. Қыркүйекте стоматологияға өтінімдер тоқтаған кезде бұл көрсеткіш 123-ке дейін, қазанда — 1 844-ке, қарашада — 3 878 өтінімге дейін өсті.

Желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде, офтальмологияға өтінім қабылдау тоқтатылған кезде, пластикалық операцияларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша 2 093 өтінім түсті. Бұл орташа айлық көрсеткіштен 130 есе жоғары.

Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрады.

— Азаматтардың зейнетақы қаражатын мақсатты пайдалануын бақылау — Отбасы банкінің міндеті. Пластикалық операцияларға деген қызығушылықтың күрт өскенін байқаған кезде, зейнетақы қалдықтарын мақсатсыз пайдалану қаупін көрдік. Сондықтан бұл мақсат бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болдық, — делінген банктің хабарламасында.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар