жұма, 28 қараша, 2025 11:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Денис Никиша іріктеу сынында іркілмеді

Денис Никиша  іріктеу сынында іркілмеді
Спортты дамыту дирекциясы
Ол енді ширек финалдың жолдамасына таласады.

Дордрехтте (Нидерланды) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші кезеңінің бірінші жарыс күнінің іріктеу бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында 500 метр қашықтықта сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша іріктеу сынынан іркілмеді. Ол 41.004 секунд уақыт нәтижесімен өз кезегінде бесінші болды. Дәл осы бағдарламада отандасымыз Абзал Ажғалиев (41.270) пен Мерсаид Жақсыбаев (41.159) қосымша сайыстар арқылы ширек финалдың жолдамасына таласады.

Сондай-ақ ерлер арасындағы 1500 метрлік сайыстың іріктеуінде Нұртілек Қажғали мен Әділ Ғалиахметов ширек финалда сүрінгенімен, жартылай финалға шығуға әлі де үміттерін үзбеді. Ал өкінішке қарай, әйелдер арасындағы 1000 метр және 3000 метр мен аралас эстафетада (2000 метр) спортшыларымыз келесі кезеңге өте алмады.

42 елден 258 үздік атлет жиналған байрақты бәсеке 30 қарашаға дейін жалғасады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар