бейсенбі, 27 қараша, 2025 12:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" "Копенгагеннен" жеңілді

"Қайрат" "Копенгагеннен" жеңілді
Қайрат футбол клубы
Матч Копенгаген қаласында өтті.

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының бесінші турындағы ойында Данияның «Копенгаген» командасынан 2:3 есебімен жеңілді. Матч Копенгаген қаласында өтті,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Даниялықтар сапынан Виктор Дадасон, Джордан Ларссон (пенальтиден) және Роберт Силва бір-бір голдан соқты. Ойын соңына қарай қазақстандықтар да қарымта шабуыл ұйымдастырып, Дастан Сатпаев пен Олжас Байбек бір-бір голдан соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда ойын нәтижесі «Қайраттың» пайдасына шешілмеді. Осылайша бес тур қорытындысы бойынша алматылық клуб төрт жеңіліс пен бір тең есеппен турнир кестесінде 35-орында тұр.

Кестенің жоғарғы бөлігінде «Арсенал» барлық матчта жеңіске жетіп көш бастап келеді. Одан кейін ПСЖ, «Бавария», «Интер» және «Реал Мадрид» командалары орналасқан. Ал ешбір ұпай жинай алмаған «Аякс» соңғы орында.

Келесі, алтыншы тур ойындары 9 және 10 желтоқсанда өтеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар