сейсенбі, 25 қараша, 2025 14:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жамбылда ант беру салтанаты кезінде әскери қызметкер көзінен айырылды

Жамбылда ант беру салтанаты кезінде әскери қызметкер көзінен айырылды
31 арна
Жақсылық Молдакұл көрсетілім кезінде басына бөтелке ұрып сындырған сәтте жарақат алған.

Жамбыл облысында жас сарбаздардың ант беру салтанаты кезінде 24 жастағы келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер көзінен айырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Жақсылық Молдакұл көрсетілім кезінде басына бөтелке ұрып сындырған сәтте жарақат алған.

Әскери қызметкердің анасы Гүлзира Байқонысова ұлының әскерден кейін келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, отбасын асырағанын айтты.

Жарақат алғаннан кейін сарбаз Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығына жеткізіліп, оған шұғыл операция жасалған.

«Оң көзіне ота жасалды, алайда сол көзіне әсер етпеуі үшін тағы да қосымша емдік шаралар қажет», — деді орталық бас дәрігерінің орынбасары Жансая Сыдыкова.

Жарақат алған әскери қызметкер жұмыс істейтін 91/678 әскери бөлімінің басшылығы оған барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Ал Жақсылық Молдакұлдың анасы бұл оқиғаға Қорғаныс министрлігі назар аударуы тиіс деп санайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар