бейсенбі, 13 қараша, 2025 3:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәжіліс ЛГБТ идеологиясын насихаттайтын контентке шектеу қоятын заңды қабылдады

Мәжіліс ЛГБТ идеологиясын насихаттайтын контентке шектеу қоятын заңды қабылдады
unsplash
Бұл заң жобасына балаларды зиянды ақпараттан қорғауға бағытталған жаңа норма қосты.

Мәжіліс депутаттары ЛГБТ идеологиясын насихаттайтын контентке шектеу енгізуді қарастыратын заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Талқылау кезінде халық қалаулылары «Мұрағат ісі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына балаларды зиянды ақпараттан қорғауға бағытталған жаңа норма қосты.

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін жария кеңістік, сондай-ақ масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар арқылы педофилияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпараттар орналастыруға тыйым салынады», – делінген құжатта.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар