жексенбі, 9 қараша, 2025 14:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дастан Сәтпаев ең қымбат ойыншы атанды

Дастан Сәтпаев ең қымбат ойыншы атанды
Қазір Дастанның трансферлік құны 3 миллион еуроға жетті.

Жалпы еліміздің және Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы болып 17 жастағы Дастан Сәтпаев танылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Transfermarkt Қазақстан Премьер-лигасы нарықтық құнын жаңарту жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаев Премьер-лиганың ең қымбат ойыншысы мәртебесіне ие болды және Қазақстанның ең қымбат ойыншысы рейтингінде көш басына шықты. Қазір Дастанның трансферлік құны 3 миллион еуроға жетті.

Ендігі кезекте 2026 жылдың тамыз айында Англияның «Челси» клубының толыққанды ойыншысы атанатын «Қайраттың» 17 жастағы таланты рейтинг бойынша Ресей чемпионатының үш өкілі Бахтиёр Зайнутдинов (2,8 млн еуро), Нұралы Әліп (2,5 млн еуро) ижәне Максим Самородовты (2,5 млн евро) артта қалдырып отыр.

Transfermarkt мәліметіне сәйкес Дастан Сәтбаев еліміз, «Қайрат», Қазақстан Премьер-лигасы ең қымбат ойыншысы ретінде алдыңғы орында тұр. Ал бүкіл әлем бойынша 2018 жылғы дүниеге келген футболшылар арасында 15, әлемнің орталық шабуылшылары қатарында 463 орынға табан тіреді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар