Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақтөбе облысының Алға ауданының Бесқоспа ауылында 53 жастағы ер адам 22 жастағы келіншекті зорлаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Қазір күдікті Алға қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол жәбірленушінің күйеуінің өгей әкесі», - делінген хабарламада.
Қылмыстық істі жан-жақты, объективті зерттеуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала






