сәрсенбі, 5 қараша, 2025 17:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

38 миллионнан астам шот бұғатталып тұр – Темір Қырықбаев

38 миллионнан астам шот бұғатталып тұр – Темір Қырықбаев
Мәжіліс
Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында айтты.

Мәжілісте Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» заң жобасы туралы бірінші оқылым өтті. Талқылау барысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі депутат Темір Қырықбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға өндіріп алудан қорғалатын әлеуметтік шот енгізу бастамасы мен шоты бұғатталған азаматтарға арналған тәсілдер туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтың айтуынша, бүгінде елімізде шамамен 38 миллионнан астам шот бұғатталып тұр. 

- Мен азаматтардың ең төменгі табысын қорғау және өндіріп алушылар мен борышкерлер құқықтарының теңгерімді сақталуын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасына қорғалған әлеуметтік шот немесе арнайы банктік шот ашу туралы ұсыныс бердім. 

Мұндай шотқа айына 300 мың теңгеге дейінгі сомадағы түсімдерге өндіріп алу шаралары қолданылмайды.  Сіз азаматтарға айына 300 мың теңгеге дейінгі сомада өндіріп алудан қорғалатын әлеуметтік шот енгізу бастамасына қалай қарайсыз және шоты бұғатталған азаматтар үшін сіздің агенттік қандай тәсілдер қарастыруда? - деп сұрады депутат.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар