сәрсенбі, 5 қараша, 2025 16:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруға қатысты сөзіне түсініктеме берді

Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруға қатысты сөзіне түсініктеме берді
Informburo.kz
Мәжілісте бұл мәселе қаралып жатқан жоқ.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыру жөніндегі сөзіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл – тек журналистің сұрағына берген жауабы болған, ал қоғамда туындаған пікірталасқа себеп болу оның ниетінде болмаған.

«Қазақстаннан тыс жерде жүргендігіме байланысты журналист Ербол Сейілханға берген тосын жауабыма кеңірек түсінік беруге қазір мүмкіндігім жоқ. Елге оралған соң айтқан әр сөзім үшін толық жауап беруге дайынмын. Бұл жағдайды желеу етіп, елді дүрліктіру немесе қоғам назарын басқа мәселеден бұру – менің мақсатым емес. Бұл журналистің тікелей қойған сұрағына берген жауабым ғана», – деді депутат.

Абзал Құспан бұл мәселе Мәжіліс деңгейінде талқыланып жатқан жоқ екенін атап өтті.

«Мәжілісте бұл мәселе қаралып жатқан жоқ, және мен сұхбат барысында да оны нақты айттым. Депутат ретінде бұл тақырыпты Мәжіліс мінберіне шығару жоспарымда да, ниетімде де жоқ», – деді ол.

Сонымен қатар депутат қоғамда тоқалдар мен некесіз туған балалар мәселесі бар екенін жоққа шығармады.

«Бұл – елімізде жоқ мәселе емес. Қоғамда ондай жағдай бар, әрі ол ерте ме, кеш пе, заңдық тұрғыда реттеуді қажет етеді», – деді Абзал Құспан.

Осылайша депутат өз сөзінің контекстін нақтылап, қоғамда туындаған резонансқа түсініктеме берді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар