сенбі, 1 қараша, 2025 19:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Kaspi Alaqan: енді адамдар алақанмен сауда жасай алады

Kaspi Alaqan: енді адамдар алақанмен сауда жасай алады
Qaz365.kz
Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды.

Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды. Бұл туралы компания басшысы Михаил Ломтадзе таныстырылым барысында хабарлады. Жүйені алғаш болып әйгілі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов сынап көрді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

– Біз бәріміз де интернет жоқ кезде төлем жасау қажет болатын жағдайларға тап болғанбыз. Енді ондай сәттер артта қалды. Барлығы бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы орындалады. Болашақ – сіздің қолыңызда, – деді Ломтадзе.

Таныстырылым кезінде ол Шавкатты Kaspi ID арқылы жүйеге қосып, алғашқы болып сауда жасауды ұсынды. Тауардың бағасы символдық түрде 42 мың теңгеден 99 теңгеге дейін төмендетілді.

– Kaspi ID әрдайым қаражатыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қосымша арқылы растап, төлем жасауға болады. Енді тек бір қимылмен төлем жасайтын мүмкіндік бар, – деді Ломтадзе.  

Kaspi өкілдері жаңа қызмет қазақстандықтар үшін төлем жасаудың бұрын-соңды болмаған ыңғайлы әрі сенімді тәсілі болатынын айтты.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар