сейсенбі, 28 қазан, 2025 14:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Семейде бірнеше үй отқа оранды

Семейде бірнеше үй отқа оранды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Семей қаласында, Гёте көшесіндегі жеке аумақта өрт шықты, деп хабарлайды Оimaqnews.kz BAQ.KZ ақпараттық агенттігініе сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт алдымен уақытша баспанада басталып, кейін қасында тұрған тұрғын үйге тараған. Тығыз орналасқан жеке үйлердің салдарынан тілсіз жау көрші үйге де тез таралды.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің алғашқы құрамдары оқиға орнына шақырту түскеннен кейін бес минут ішінде жетті. Алайда өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, келген кезде үш үйді жалын шарпыған еді. ТЖД қызметкерлері судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, өрттің таралуын шектеді.

Өрт жалпы ауданы шамамен 220 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 30-ға жуық жеке құрам қызметкері мен 10 техника жұмылдырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар