сейсенбі, 28 қазан, 2025 16:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Фото:Unitedworldwrestling
Сербияның Нови-Сад қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан қола жүлде жеңіп алды.

Отандасымыз 97 келі салмақтың қола жүлде үшін белдесуінде Иран елінің өкілі Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен жеңді. Ол жарыс жолында іріктеу кезеңінде испандық Аймар Егиноаны 10:0 есебімен, айқын басымдықпен ұтты. Ал 1/4 финалда Гарроуз Куекабакиланы тізе бүктірді. Алайда Ризабек жартылай финалда жапондық Араш Ёшидаға есе жіберді. Айта кетейік, Ризабектің бұл жүлдесі еліміздің еркін күрес балуандарының салған жалғыз жүлдесі. Ризабек Айтмұхан 3 жас санаты бойынша 3 дүркін әлем чемпионы. Азия чемпионатының үш мәрте күміс жүлдег иегері.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар