жұма, 17 қазан, 2025 4:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Лотерея ұйымдастыру тәртібі өзгерді: блогерге жауапкершілік күшейеді

Лотерея ұйымдастыру тәртібі өзгерді: блогерге жауапкершілік күшейеді
Pixabay.com
Бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын

Қазақстанда лотереяларды ұйымдастыру тәртібі заң деңгейінде өзгертіліп, блогерлердің жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Қазір осы мәселеге қатысты басқа да мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинап жатырмыз. Кейін бұл ұсыныстарды Үкіметтің қарауына жібереміз, содан соң Мәжіліске жолданады, – деді Елемесов.

Оның айтуынша, бұл бастама қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейді – бұл тұрғыда бұған дейін қаржы пирамидаларының жарнамасына қатысты қабылданған шараларға ұқсас тәсіл қарастырылып жатыр.

Бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Дәл сол секілді, енді осы бағытта да осындай жауапкершілік белгілеу мәселесі қаралуда, – деп атап өтті ҚМА төрағасының орынбасары.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар