
Елімізде 2025 жылдың басынан бері бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыларға 631 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оның ішінде 46,5 миллиард теңге бала тууға арналған біржолғы жәрдемақыларға бағытталған. Бұл төлемді 257,5 мыңнан астам азамат алған. Тек қыркүйек айының өзінде 26,7 мың отбасы 4,8 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы алған.
Биыл бала тууға арналған жәрдемақының мөлшері төмендегідей белгіленген:
бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.
Ал бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.