
Қостанай қаласында екі жас жігіт гараждың екі метр тереңдіктегі жертөлесіне түсіп, есінен танып қалған – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, үшінші адам, 2001 жылы туған жігіт, дер кезінде сыртқа шығып үлгеріп, «112» қызметіне хабар берген.
Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары арнайы тыныс алу жабдықтарын пайдаланып, жертөлеге түскен. 2002 және 2003 жылы туған екі зардап шегуші жоғарыға шығарылып, медициналық қызметкерлерге тапсырылды.
Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, екеуін ауруханаға жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұлттық банк валюта бағамын жариялады
Ұқсас жаңалықтар
"Анасы да осы ауруханада қайтыс болған": баланың өлімі жіті тексеріліп жатыр
- авторОймақ
- 11 қазан, 2025