сенбі, 11 қазан, 2025 20:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Түрме мен аурухананың ортасында жүрдім»: Айсәуле Бақытбек өткен өмірі туралы айтты

«Түрме мен аурухананың ортасында жүрдім»: Айсәуле Бақытбек өткен өмірі туралы айтты
әлеуметтік желі
Блогер әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты.

Блогер Айсәуле Бақытбек әкесімен арадағы қарым-қатынасына тоқталып, отбасы тәрбиесі туралы айтты, деп жазады turkystan.kz.

“Ата-анамның оқиғасынан екі ай бұрын Әлішермен екі жаққа кеткен едік. Ол кезде бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Қатты стресс алып, күйзелісте жүрген едім. Мүмкін уақыт керек болған шығар?! Бірақ мен ата-анамның көзімізше сөзге келіп, ұрысқанын көрмеппін. Сіңілім Айару да көрмеген. Ата-әжеміздің қолында өстік. Олар 80-жылдардағы адамдар болғасын бір-біріне дауыс көтеретін. Ол оқиға мені қатты есейтіп жіберді. Америкаға кетемін деп билет алып қойған едім. Бірақ төрт айдан кейін ғана жолым түсті. Анамды соққыға жыққанда бірден Әлішерді іздедім. Анамды ауруханаға, әкемді түрмеге алып кетті. Мен әкемнің жанында қалып, Әлішермен сөйлестім. Ол бірден мені жұбатуға тырысты. Қасыма келетінін айтып, көңілімді аулады. Сол жылы менің өмір сүру режимім күрт өзгерді. Төрт ай бойы аурухана мен түрменің ортасында жүрдім. Таңертең түрмеге барамын, түсте ауруханаға анамның жанына келемін. Әлішер жанымда болды, бірақ Америкаға кететін  уақыты жақындағасын ол ұшып кетті. 

Содан кейін ойлана бастадым. Қыркүйекте мен де бәрін тастап, Америкаға кетіп қалдым. Ол кезде жағдай да тұрақталған еді”, – деді блогер. 

Айсәуленің сөзінше, бүгінде қыздары әкесімен араласып тұратынын жасырмады. 

“Қыздарым “Бақытбек ата келе ме?” деп іздеп тұрады. Аталарын жақсы көреді. Араласып тұрамыз. Анам әуелден әкемізден ажыратқан жоқ. Біздің араласып тұруымызды талап етеді. Осы оқиғадан кейін психологпен жұмыс істедік. Түрмеде отырғанда да әкеме барып тұрдым. Бірақ мен оны жұртқа қалай жеткізерімді білмедім. “Әкеммен сөйлесіп жатырмын” десем, “Анаңды өлтіре жаздаған адамды қолдайсың” деп айтады. Мен оның ісін қолдамаймын. Әкемді немерелерінен айыра алмаймын”, – деді Айсәуле. 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар