жұма, 10 қазан, 2025 19:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағанды облысының фермері бір үйір жылқыны атып тастаған

Қарағанды облысының фермері бір үйір жылқыны атып тастаған
Оқиға орнынан оқ тиген 17 жылқы табылған.

Қарағанды облысында фермер өз егістігіне кіріп кеткен бір үйір жылқыны атып тастаған. Оқиға 28 қыркүйекте Нұра ауданына қарасты Заречное ауылының маңында болды.

 «Вечерняя Караганда» Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға орнынан оқ тиген 17 жылқы табылған, олардың 14-і сол жерде өліп қалды.

«Куәгердің айтуынша, жергілікті фермер жылқыларды көлікпен қуып жүріп, оқ атқан. Кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Малынан айырылған ауыл тұрғындары күдікті жазадан құтылып кетеді деп қорқып отыр, себебі ол – ауқатты адам», — делінген хабарламада.

Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, «Бөтеннің мүлкін қасақана жою» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«53 жастағы Нұра ауданының тұрғыны күдікті ретінде анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір барлық мән-жай толық әрі объективті анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомство.

Заречное ауылының тұрғындары кінәлі адамды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Олар істің әділ тергелуіне күмәнмен қарайды және тергеудің созылып кетуінен қауіптеніп отыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар