бейсенбі, 9 қазан, 2025 20:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ермек Тұрсынов елге оралды

Ермек Тұрсынов елге оралды
instagram.com/abilovbulat_official
Кәсіпкер достарымен кездескеніне қуанышты екенін жеткізді.

Көктемде елден кеткен қазақстандық белгілі режиссер және драматург Ермек Тұрсынов араға бірнеше ай салып отанына оралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Режиссердің елге оралғанын кәсіпкер Болат Әбілов хабарлады. Ол Instagram парақшасында Тұрсынов, Мұхтар Жәкішев және Еркеш Шәкеевпен түскен ортақ суретті жариялады.

Кәсіпкер достарымен кездескеніне қуанышты екенін жеткізді:

Әлем қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр - дағдарыс, қақтығыстар, белгісіздік. Осындай жағдайда ақылдың айқындығын және ішкі тұрақтылықты сақтау аса маңызды. Біз қорқыныш туралы емес, болып жатқан жағдайға байыппен қарау жайлы әңгілеместік. Бірақ ең бастысы жанымыздағы адамдар. Тағдырға осы достарыммен жолықтырғанына ризамын: олардың әрқайсысы мықты әрі талантты тұлға.

Еске салайық, биыл мамыр айында Ермек Тұрсынов елден кететінін мәлімдеп, өзіне «қысым жасалғанын» айтқан болатын. Facebook-тегі қоштасу жазбасында режиссер басқа жол жоқтығын жеткізген.

Ермек Тұрсыновтың есімі 2009 жылы шыққан «Келін» фильмі арқылы кеңінен танылды. Бұл туынды «Оскар» жүлдесінің шорт-парағына енген еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар