"Аружанды тауып беріңдер": Талғардағы қылмысқа қатысты деректер айтылды
- авторОймақ
- Бүгін, 15:24
- 19

Жақында ғана Талғарда баланы ұрлап, ер адамды өлтірді деген күдікті ұсталған еді. Ал сол кезде екі жастағы қызды кепілге алған қаскөйдің осыған дейін де істі болғаны анықталып отыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұм Ернар Тұрғанбек қанды оқиға болмас бұрын әйелімен базарға баруды жоспарлаған. Бірақ досымен дүкенге кеткен сәттен кейін оралмапты. Оларды орта жолда белгісіз 3 адам тоқтатып, соның бірі сөзге келместен марқұмның жүрек тұсынан 2 рет атады. 30 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпастан бақилық болған. Жәбірленуші күдіктінің екі сыбайласын ертіп, марқұмның үйіне кіргенін еске алады.
– Ернардың анасы мен мені қорқытып, пышақ тақап, қару кезеді. Сол сәтті суретке түсіріп алдық. Олардың қолында қос-қостан пышақтан болды. "Мен сенің балаңды атып кеттім, көрдің бе?" деді бізге. Суық хабарды қуанышпен жеткізді, – дейді марқұмның әйелі.
26 жастағы күдікті марқұмның қарындасымен таныс болған. Жарты жылдай жақын араласқаны бар. Ол бір ай бойы жәбірленушілерді қорқытып келген әрі сол күні де марқұмның қарындасын іздеген.
– Анасына шолақ мылтық тақаған да, "Сізді өлтірмей-ақ қояйын, Аружанды тауып беріңіздер!" деп айтқан. Аружан сол кезде бір көрші ауырып жатқан екен, соған система салуға барған, мейірбике ғой. Сол кезде олар 2 жастағы қызды ұйықтап жатқан жерінен алып кеткен, – дейді марқұмның туысы Гаухар Сариева.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.