
Әлеуметтік желілерде кәсіпкер Руслан Берденовтің Қытайда жүрген суреті пайда болды. Фотоны бизнесмен Сырымбек Тау өз парақшасында жариялап, кейін өшіріп тастаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Суреттен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді де көруге болады. Берденовтің бұл сапары кәсіби мақсатпен байланысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар кәсіпкер тағы бір видеоны бөліскен. Онда Қытай астанасы Бейжіңде "Sandyq" мейрамханасының ашылатыны айтылады.
"Sandyq мейрамханасын Бейжің қаласында ашып жатырмыз. Мемлекет басшысының алдында Sandyq жобасын таныстырамыз", – дейді жоба өкілі Нұржан Ниязалиев.
Еске салсақ, 2021 жылы Руслан Берденов серіктестерімен бірге бірнеше қалада «Sandyq» мейрамханалар желісін іске қосқан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.