сәрсенбі, 3 қыркүйек, 2025 22:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда балалар төбелесі бейнежазбаға түсіп қалған

Атырауда балалар төбелесі бейнежазбаға түсіп қалған
фото: скрин
Ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада облыс орталығындағы бір аулада төрт баланың төбелесі түсіп қалған. Қыз бен ұл балалар күш сынаспақ болған, алайда жанжалға ата-аналары араласып, қақтығысты тоқтатты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жасы 6-8 аралығындағы барлық кәмелетке толмағандар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Балаларға медициналық көмек қажет болмаған.

Ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оларға «балаларды дұрыс тәрбиелемеу» бабы бойынша хаттама толтырылды, енді шешімді сот шығарады. Отбасылар полиция бақылауына алынды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар