
Бакалаврларға 52 372 теңге төленеді.
Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2020 жылдан бері екі есе ұлғайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен. 1 қыркүйектен бастап студенттер мынадай мөлшерде стипендия алады:
бакалаврлар – 52 372 теңге,
педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,
магистранттар – 117 098 теңге
докторанттар – 262 500 теңге.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.