дүйсенбі, 25 тамыз, 2025 23:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Балмұздақ әперем деп алдаған: полиция ер адамды ұстады

Балмұздақ әперем деп алдаған: полиция ер адамды ұстады
әлеуметтік желі
Ол кішкентай қызды ұрлап, зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылында полиция 32 жастағы ер адамды ұстады. Ол кішкентай қызды ұрлап, зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 22 тамыз күні кешкі уақытта болған. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, қыздың анасы үйіне қайтып келе жатып, танысын жолықтырған. Ер адам баласына балмұздақ алып беруді ұсынған. Сөйтіп, бүлдіршін онымен бірге кеткен, алайда үйіне оралмаған. Бірнеше сағат өткен соң ата-анасы алаңдап, полицияға хабар берген. Бұл ақпаратты БҚО полиция департаменті растады.

23 тамызда қыз бен күдікті ауыл маңындағы орман ішінен табылған. Ер адам мас күйде ұйықтап жатқан. Ал қыз бала ес-түссіз жатқан. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қатты шок алғанын анықтады.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр», — деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар