Мемлекет басшысы Конго Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады
- авторОймақ
- Бүгін, 12:18
- 26

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.
Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.
Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Балмұздақ әперем деп алдаған: полиция ер адамды ұстады
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Украина президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- авторОймақ
- 24 тамыз, 2025
Мемлекет басшысы «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті
- авторОймақ
- 22 тамыз, 2025