дүйсенбі, 11 тамыз, 2025 20:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық деректі фильм Нью-Йорк фестивалінде жүлделі болды

Қазақстандық деректі фильм Нью-Йорк фестивалінде жүлделі болды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
2025 жылғы 31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді азиялық-америкалық кинофестиваль – 48-ші «Asian American International Film Festival» өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен бар-жоғы 12 картина ұсынылған және оның үшеуі ғана номинцияға ілікті.
Отандық «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» атты деректі фильмі Sikay Tang Critical Lens Award жүлдесін жеңіп алды. Бұл сыйлық көрнекті режиссер және монтаж шебері Сикай Тангтың құрметіне аталған және әлеуметтік және мәдени тақырыптарды терең зерттелген деректі картиналарға беріледі. Жүлде небәрі екінші жыл табысталып отырғанымен, AAIFF деректі бағдарламасының ең беделді марапаттарының бірі саналады.

Режиссер Алина Мустафинаның туындысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.
«Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» картинасында үш буын өкілі автобиографиялық сапарға аттанады. Әйелдер Қазақстаннан Татарстанға, кейін Польша асып түп-тамырын, ата-бабасын іздейді.

Бұл жоба бұған дейін де халықаралық деңгейде бағаланған. Туынды Пусан халықаралық кинофестиваліндеәлемдік премьерасы, Турин кинофестивалінде еуропалық премьерасы өтті, «Бастау» фестивалінде (Қазақстан) «Үздік дебют» жүлдесін алды, Тегерандағы Cinema Verite фестивалінде «Үздік фильм» Гран-приін иеленді. Сондай-ақ Bolzano Film Festival Bozen (Италия) және ORAI Festival (Абай, Қазақстан) арнайы көрсетілімдеріне ұсынылды. AAIFF 1978 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Азиялық және азия-америкалық кинематографистер үшін маңызды алаң саналады. Бұл фестиваль әлемге ерекше оқиғаларды паш етіп, жаңаша көркемдік көзқарас қалыптастырады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар