Таразда ондаған үйді су басты: әлдекім су қоймасының шлюзін ашып жіберген
- авторОймақ
- 8 тамыз, 2025
- 378
Ақпарат агенттігі тілшісінің хабарлауынша, оқиға 7 тамызда кешкі сағат 20:35 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу суару каналына шлюзді ашып жіберген. Соның салдарынан қаладағы Достоевский, Жуанышев, Ұлбике ақын көшелеріндегі аулалар мен Ниетқалиев және Бөлтірік шешен көшелеріндегі кейбір үйлерді су басқан.
"Көршілеріміздің үйінде су 30 сантиметрге дейін көтерілді. Біздің де үй мен моншамызға су кіріп кетті", - дейді зейнеткер Светлана Геринг.
Әкімдіктің агенттікке берген мәліметінше, барлығы 30 тұрғын үйдің ауласын және 2 жертөле бөлмесін су басқан. Дегенмен үйлердің ішкі бөлмелеріне су кірмеген.
Төтенше жағдай жедел түрде бақылауға алынды. Алдымен шлюздер жабылып, су ағыны тоқтатылды. Кейін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен "Жамбыл-Су"мекемесінің қызметкерлері су тарту жұмыстарына кірісті. Барлығы 25 маман жұмылдырылды және 12 техника, оның ішінде 5 мотопомпа қолданылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025






