жексенбі, 10 тамыз, 2025 17:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

"Владимир Путин таяуда Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді.

Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақында, Дональд Трамптың Украинадағы атысты тоқтату туралы ультиматумының мерзімі аяқталуына екі күн қалғанда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге келді.

Бұдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің келіссөздерінің қорытындысы туралы айтты – ол кездесуді "нәтижелі" деп атады.

Сондай-ақ Ресей мен АҚШ тарабы екі ел басшылары Владимир Путин мен Дональд Трамп шамамен алдағы аптада кездеседі деген келісімге келді. Путин Украина басшысы Владимир Зеленскиймен де кездесуі мүмкін екенін айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар