Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың қолданған заттарын көрсетті
- авторОймақ
- 29 шілде, 2025
- 279

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың қолданған жеке заттарын көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
«Данияр қайным Алматыдағы Зәкең екеуміздің шаңырағымызда түсіріп алған екен,менің жинастырып сақтап қойғандарым», - деп жазды ол.
Өнер иесі жақында Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылына марқұм жолдасына арналған іс-шараға қатысып қайтты.
«Кегендегі мектепке атын беріп, бір бөлмесінде Зәкеңе арнап мұражай жасапты. Соған Зәкеңнің біраз дүниесін табыстап кеттім. Кегендік әкімшілікке көп рақмет!», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Кейін, халық әртісі болашақта саясаткердің заттарын тиісті мәдени орындарға тапсыруды жөн санап отыр.
«Өз үйімдегі қалған заттарын Алматыдағы бірнеше музейлер сұрап жатыр, сол музейлерге табыстаймын. Көзбен көргенге не жетсін?!», – деп жазды әнші.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Бес баласын тастап қайда кетеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні туралы айтты
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025