Руханият
Туристерге Катонқарағай ұлттық паркіне кіруге уақытша шектеу қойылды
- авторОймақ
- 29 шілде, 2025
- 44

Катонқарағай ұлттық табиғи паркі аумағында жоғары өрт қаупіне байланысты уақытша шектеулер енгізілді
Парк әкімшілігінің хабарлауынша, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 5-санаттағы өрт қауіптілігі жарияланған.
Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі қағидаларының 17-тармағы, 9-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына шектеулер енгізілген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Алматыда да 5-санаттағы өрт қауіптілігі жарияланған еді.
ТЖД мамандарының айтуынша, мұндай жағдайда кез келген ұшқын ірі өртке әкеп соғуы мүмкін.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Руханият
Айнұр Тұрсынбаева гардеробын жаңартып, ескі көйлектерін сатылымға шығарды
- авторОймақ
- 29 шілде, 2025