сенбі, 26 шілде, 2025 10:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Прокуратура Хасанның ісін қарап жатыр

Прокуратура Хасанның ісін қарап жатыр
Тергеу мүддесіне сай, өзге ақпарат жария етуге жатпайдыү

Алматы облыстық прокуратурасы «қылмыстық топ жетекшісі» деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты істі  қарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты jasalash.kz-ке сілтеме жасап.

21 шілдеде MMA жаттықтырушысы Арман Әлімовке шабуыл жасау ісі бойынша айып тағылған Хасан Қасымбаевтың ісі прокуратураға жіберілді. Қазір ол Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабына сәйкес тексеріліп жатыр. Десе де, тергеу деректері ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбай отыр.

Еске салайық, Талғардағы бір топ адам қатысқан жанжалдан мерт болған Шерзат Полат қазасынан кейін әлеуметтік желіде "Хутор" бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевты полиция ұстады. Ол 2021 жылы маусым айындағы оқиғаға байланысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" және "Адам ұрлау" баптары бойынша күдікке ілінген.  

Полиция Қасымбаевты уақытша ұстау изоляторына қамаған. Сол кезде де "Бұлтартпау шарасын белгілеу туралы іс материалы сотқа жіберілген. Тергеу мүддесіне сай, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар