сәрсенбі, 23 шілде, 2025 23:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстау облысында мектеп төбесі ортасына түсті

Маңғыстау облысында мектеп төбесі ортасына түсті
Фото: видеодан скрин
Маңғыстау облысының Қарақия ауылында мектеп төбесі ортасына түсті.

2025 жылы 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында Қарақия ауданы, Құрық ауылында орналасқан «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залының төбесі құлады. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Құлаған Акт залының төбе жабыны шамамен 250 шаршы метр аумақты қамтиды, - деп мәлімдеді Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті тексеріс пен сараптама жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кету керек, аталған мектеп 2009 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. Мектеп жобалық қуаттылығы 1200 оқушыға арналған.

Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. 

Толық сараптама нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы қосымша ақпараттар алдағы уақытта хабарланатын болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар