жұма, 11 шілде, 2025 18:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Атаққұмар емеспін": Бауыржан Исаев ешбір атағы жоғын айтты

"Атаққұмар емеспін": Бауыржан Исаев ешбір атағы жоғын айтты
фото: скрин
Әнші өзінің отбасы жайлы да айтты.

Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат берген әнші Бауыржан Исаев сахнада жүргеніне 30 жыл болса да, ешбір атағы жоқтығын айтты. Ол атақ пен марапатқа мұқтаж еместігін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Атаққұмар емеспін. Жасыратыны жоқ, сахнада жүргенімізге келесі жылы 30 жыл болады. Бірақ әлі күнге дейін маған атақ берген жоқ. Ашуым да келмейді. Бермесе, бермей-ақ қойсын. Мен ойлаймын анда-санда, біз енді ерекше халықпыз ғой. Атаққа, абыройға ие болу үшін бұл өмірден озу керек шығар. Маған атақ керек жоқ. Халық баяғыда беріп қойған сияқты атақты. Атаққа менен де лайықтылар жетеді. 2016 жылы Дос-Мұқасан тобының әншісі, негізін қалаушысы, өте абыройлы кісі Мұрат Құсайынов "Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алады. Менің алдымда жүрген аға-әпкелерім бар атақ алмаған. Дүниеден озғаннан кейін беретін шығар", - деді Бауыржан Исаев.

Әнші өзінің отбасы жайлы да айтты.

"Төрт балам бар: үш қыз, бір ұл. Соңғысы – ұл, 3 жастан асты. Үлкенім мектеп бітірді, университетке түседі. 4 баламның ішінде бір-ақ қызым өнерге жақын. Фортепианоға қатысады. Жақын арада шешім қабылдауың керек дедім. Негізі мен отбасыммен уақыт өткізгенді жақсы көремін. Әлеуметтік желіде отырмаймын, жүргізбеймін. TikTik пен Instagram-ға кіріп кетсең, минут емес, сағаттап уақыт өтеді. Алтын уақытты бала-шағама, отбасыма арнағанды жақсы көремін. Кейбіреуі өзінің мобилографымен жүреді. Білмеймін, ондай нәрсені түсінбеймін", - деді Бауыржан Исаев.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263787-qaitys-bolgannan-keiin-beretin-sygar-bauyrzan-isaev-ataq-pen-marapat-turaly-oiyn-aitty

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар