жұма, 11 шілде, 2025 17:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жұмагелдиевтің сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды

Жұмагелдиевтің сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
әлеуметтік желі
Күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар