Назарбаев университеті студентінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- авторОймақ
- Бүгін, 16:41
- 26

Министрдің айтуынша, полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Қазір Қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында ешқандай мәлімет айтылмай жатыр. Біз тек полициямен жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз", – деді министр.
Журналистер министрден оқиғаға студенттер арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін бе деп сұрады.
"Біз түсініктеме бере алмаймыз. Полиция департаменті тергеу аясында қосымша ақпарат айтады. Біз осылай келістік", – деді Саясат Нұрбек.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.