Көл маңында полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр, суға кіруге уақытша тыйым салынған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару қайықтары жеткізілді. Нысан маңында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтар көл маңында серуендеп жүр.
Айта кетейік, кеше көл маңында қайғылы жағдай болды. 25 маусым күні Алматы қаласындағы Сайран көліне жасөспірім мен ересек ер адам батып кетті. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған 48 жастағы ер адам мас болған.
Алматы қаласының ТЖД Сайран көлінде шомылуға барлық құрылыс, санитарлық іс-шаралар аяқталғанға дейін және нысан ресми пайдалануға берілгенге дейін қатаң тыйым салынғанын хабарлады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025






