бейсенбі, 26 маусым, 2025 21:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Некеге тұруға мәжбүрлейтіндер 10 жылға сотталуы мүмкін

Некеге тұруға мәжбүрлейтіндер 10 жылға сотталуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова мәжбүрлеп некеге отырғызғандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты.

Мәжбүрлі некеге итермелеу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова мәлім етті,

Бұл норма Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жүктеген тапсырманың аясында қамтылды. Өкінішке қарай, қоғамда мұндай келеңсіз жағдайлар кездесіп отыр. Қызды алып қашу – тек дәстүрлі түсінік емес, бұл біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі құқықтық мәселе болып шықты, – деді Л. Мерсалимова Сенатта тілшілер сұрағына жауап беріп.

Осы орайда ол Қылмыстық кодекстегі 125-бап – «Адам ұрлау» бойынша бұған дейін тиісті жаза қарастырылғанын еске салды. Бірақ ол бапта адам өз еркімен босатса, кінәлі тарап жазаға тартылмайтын жағдай бар.

Сондықтан біз халықаралық тәжірибені талдап, Қылмыстық кодекске арнайы «Некеге мәжбүрлеу» деген қылмыстық жауаптылықты қамтитын арнайы бапты ұсындық. Егер адамды некеге күштеп тартса, болмаса ар-намысына тиетін ақпаратты жариялаймын деп қорқытса, бұл әрекет енді қылмыс саналады, - дед вице-министр.

Бұл тұрғыда жаза ретінде 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзім қарастырылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанның қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

Заң аясында некеге тұруға мәжбүрлеу мен «дропперлік» үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.



 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар