
Алаяқтар премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің бейнесін пайдаланып, жалған мәлімдемелер таратқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы тележүргізуші, журалист Ғазиза Райымбек мәлімдеді.
Алаяқтар интернет кеңістігінде таратқан жалған видео Мұрат Нұртілеу мен қазақстандық журналистің қатысуымен жасалған.
“Жалған бейнематериалда вице-премьердің Ресей әуе кемелерінің еркін ұшуы «толық заңдастырылды» деп мәлімдегені көрсетілген. Сонымен қатар отандық тілшінің де солай айтқаны көрсетілген. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Сондықтан құзырлы органдар мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады”, – делінген ақпаратта.
Бұл материал жасанды интеллект бағдарламаларымен генерациялап жасалып, таралып жатқан дипфейктің жаңа толқыны деп бағаланып отыр.
“Достар, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде дипфейктердің жаңа толқыны таралып жатыр.Бұл жолы алаяқтар менің «бет-бейнем мен дауысымды» қолдан жасап, мен үкіметтің бастамасын көпшілік алдында қолдап, Қазақстан әуе кеңістігіне ресейлік ұшақтардың кіруіне «қолдау білдірдім» деген жалған видео таратқан. Егер бұл видеоны түсіргендерге сенсек, мен енді жай ғана журналист емес, халықаралық шешімдерге ықпал ететін адам болыппын”, – деп жазды журналист.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Актер Еркебұлан Мырзабек ұлды болды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен елге қайтару үшін алты рейс орындалады
- авторОймақ
- 25 маусым, 2025
Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады
- авторОймақ
- 24 маусым, 2025